Abstract:
Кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін жақсартуда оның қаржылық жағдайын
нығайту жолының бірі ретінде қаржылық көрсеткіштерді нақтылап бағалау қарастырылады.
Мақалада кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалаудың отандық және шетелдік
тәжірибесіндегі қазіргі қолданылып жүрген көрсеткіштердің ерекшеліктері, бағалаудың мәні
салыстырылып қарастырылады. Қаржылық жағдайды бағалаудағы табыстылық,
төлемқабілеттілік пен өтімділік, қаржылық тұрақтылық, актвитердің айналымдылығы
көрсеткіштері салыстырмалы түрде негізделген.