Abstract:
Мұнайлы аймақтар мысалында олардың математикалық модельдерi негiзiнде
экологиялық орнықты басқару және дамыту мәселелерi зерттелген. Аймақтың экологиялық
орнықты даму моделiн құру негiзiне бағдарламалық-мақсаттық тәсiлдемесi принциптерi
алынған. Экологиялық-әлеметтiк экономикалық жүйенiң барлық әсерлерге реакциясын ескеру
экономикалық-математикалық модельдеу тәсiлдерiн пайдалану жолымен мүмкiн болатыны
және мұндай модель көмегiмен аймақты орнықты дамыту бағдарламасын құруға болатыны
тұжырамдалған. Аймақтың экологиялық-әлеуметтiк және экономикалық жүйесi жағлайын
бағалау үшiн, басқару, экономикалық даму, технологиялық және институционалдық даму
факторлары қарастырылған. Аймақтың экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық
жүйелерi мен дамудың сыртқы факторлары тобы арасындағы себеп-салдар байланыстарының
моделi ұсынылған және сипатталған. Ұсынылған концептуалды модель негiзiнде Әсерлердiң
Адаптивтi Балансы тәсiлiн қолдана отырып экологиялық-әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң математикалық моделi құрылған. Тұрғызылған математикалық модель экологиялықәлеуметтiк-экономикалық жүйенiң сырқы әсерлерге реакциясын есептеуге және сыртқы әсерлердiң өзгеруiн болжау негiзiнде ЭӘЭ-жүйедегi процесстердiң даму сценарийлерiн болжауға мүмкiндiк бередi.