Abstract:
Бұл мақалада бүгінгі таңдағы отбасындағы зорлықзомбылықтың ең өзекті тұстарына ден қойылды. Себебі қоғамда орын алып
жатқан түрлі жайттар барлығымызды да алаңдатып отырғандығы баршамызға
аян. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық
тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас
тартып жатады. Жалпы мақалада әлеуметтік және экономикалық ахуалдың
қазіргі кездегі жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы ісәрекет проблемасының өте өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар,
мaқaлaдa зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері, оның себептеріне бaйлaнысты
шетелдік және отaндық ғaлымдaрдың еңбектері мен мaқaлaлaры,
тұжырымдaмaлaры, көзқaрaстaры және ой-пікірлері қaрaстырылды.