Abstract:
Мақала университеттердің "Атомдық физика және спектроскопия" пәні
бойынша сабақтарда Hard - және Soft skills қалыптастыру негізінде студенттердің
функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне арналған. "Резерфорд-Бор атомы"
тақырыбының мысалында сабақты жобалаудың негізгі принциптері ашылды. Жоспарланған оқу нәтижелері арқылы оқыту мақсаттары анықталды. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін оқытудың жеке, фронтальды, топтық әдістері, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары таңдалды. Қол жеткізілген оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмалар әзірленді.