Abstract:
Мақалада ғарыш аппараттарының орбиталық параметрлері туралы ақпаратты
қамтитын TLE (two-line element) деректері негізінде екі ғарыш аппаратының (ҒА)
жақындасуын есептеу мәселесі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі ғарыш объектілері мен
ғарыш қоқыстары санының ұлғаюына, сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтаудың
қазақстандық геостационарлық ғарыш аппараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігіне байланысты. Зерттеудің мақсаты – екі ғарыш аппаратының арасындағы
қашықтықты және олардың соқтығысу ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін
бағдарламалық модуль құру. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді: TLE мәліметтері
бойынша ғарыш аппараттарының координаттарын есептеу үшін қолданылатын SGP4
модельдерін зерттеу; екі ғарыш аппараттарының координаттары мен арақашықтықтарын
есептеу бағдарламасын жазу; нақты мысалда әзірленген Әдістеменің қолданылуын көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы-ғарыш аппараттарының орбиталары туралы ақпараттың ең
қолжетімді және өзекті көздері болып табылатын TLE мәліметтері бойынша екі ғарыш
аппаратының жақындасуын есептеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Қазсат-2,3 және
KazEOSat-1,2 қазақстандық геостационарлық ғарыш аппараттарының жақындасуын есептеу үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады. Зерттеу әдістері Математикалық
аппаратты, аналитикалық және сандық әдістерді қолдануды, компьютерлік бағдарламаны
жазуды қамтиды.