Аннотации:
Ғарыштық техниканың қарқынды дамуы және спутниктіктердің кеңеюі дәуірінде
геостационарлық жерсеріктердің тұрақты жұмысы тиімді байланыс, навигация және Жерді
бақылауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып қала береді. Дегенмен, әртүрлі
факторларға байланысты, мысалы, Ай мен Күннің тартылыс күштерінің әсері, сондай-ақ күн
желінің әсері геостационарлық спутниктер өздерінің орбиталық параметрлерінің өзгеруіне
әкелуі мүмкін маневрлерге ұшырауы мүмкін.
Бұл жұмыс екі сызықты элемент (TLE) деректеріне негізделген геостационарлық
спутниктік маневрлерді анықтаудың әдісін әзірлеуге бағытталған. Орбиталық қозғалыстың
динамикалық сипаты операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын геостационарлық
спутниктердің маневрлерін нақты уақыты мен сипаты маңызды болады.
Қазіргі кезде түрлі орбиталарда ғарыштық аппараттардың саны өте көп және олар үлкен
қарқынмен артып келеді. Бұл өз кезегінде оларды қаупсіз басқару шараларын күшейтуді талап
етеді. Мұнда халықаралық нормаларды сақтау қажет. Дегенмен, кейбір ғарыштық
аппараттардың басқару жүйесіндегі ақаулармен байланысты немесе әдейі түрде бір ғарыштық
аппарат басқа ғарыштық аппаратқа кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай оқиғалар болып өткесін
оларды талдау талап етіледі. Бірақ өз кезегінде талдау жүргізу үшін тиісті бастапқы мәліметтер
және әдістер қажет. Қазіргі кезде ғарыштық аппараттардың қозғалысы туралы ашық
жарияланатын ақпарат ретінде TLE (two line element) деректерін айтуға болады. Сондықтан
дәл осы деректер негізінде ғарыштық аппараттың белгілі бір уақыт аралығында жүргізген
маневрлерін анықтау бүгінгі күнде өзекті мәселе болып табылады. Қазірге кезде Қазақстан
меншігінде екі геостационарлық аппарат (Казсат-2 және Казсат-3) бар екендігін ескерсек,
мұндай әдістің қажеттілігі айқын болады. Тақырыптың өзектілігі осымен анықталады.