Аннотации:
АҚШ-ның Геологиялық қызметі (USGS) сайтының мұрағатынан алынған
Landsat суреттеріне талдау Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағына жүргізілді. Талдау
үшін L1 өңдеу деңгейі бар суреттер пайдаланылды. 1972 жылдан бергі суреттердің жалпы
саны мен 1972-2023 жылдар арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының жағдайын
анықтау үшін егістіктерді талдау және вегетация көрсеткіштерін есептеуге жарамды суреттер
саны есептелді.