Abstract:
Сенімді және қауіпсіз төлем жүйесі тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы
жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді
және қаржы нарықтарының өтімділігін жақсартады, сондай-ақ сатушылар мен сатып
алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді.
Мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық төлем жүйесінің дамуына талдау
жасалып, цифрландыру үрдістері мен төлем жүйелері саласындағы инновациялық
шешімдер талданады. Технологиялылықты қамтамасыз етуге және тұтынушылардың
құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық
трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыруда Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі үшін ұлттық цифрлық валюта шығарудың ықтимал
тәуекелдері мен артықшылықтарын жан-жақты анықтау қажеттілігі туады. Орталық банктің
цифрлық валюта моделінің (ОБЦВ) шетелдік пилоттық жобалары мысалында қарастыру
және оың технологиялық іске асырылуын эксперименттік растау арқылы цифрлық теңге
тұжырымдамасының өміршеңдігін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың мақсаты–
төлем жүйелерін дамытудағы үрдістер мен трендтерді анықтай отырып, оларға қойылатын
заманауи талаптарды бөліп көрсету.