Abstract:
Экономиканың даму тенденциялары, кәсіпкерлік қызметтің жаңа
бағыттары және инновациялық технологиялардың қарқынды өсуі салықтық әкімшілендіруге
жоғары талаптар қояды.
Салықтық әкімшілендірудің цифрлық дамуы салық төлеуден жалтарумен тиімді
күресуге, салық заңнамасының сенімділігін арттыруға және ең аз әкімшілік шығындармен
мемлекеттік қаржының үлкен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Цифрландыру жағдайында салық жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мемлекетте
оңтайлы салықтық әкімшілендіру тәсілі ретінде салық механизмінің элементтерін, ақпараттық
технологияларды және салық ақпаратын қорғау технологияларын қамтиды.
Қазақстан Республикасының салық әкімшілігі дамудың сапалы жаңа кезеңіне енді,
экономикалық саясат шеңберінде халықаралық практикаға едәуір жақындап келе жатқан және оның жүйесін ашық негізде құруға мүмкіндік беретін үлкен бәсекелестік әлеуеті бар бірқатар
кешенді реформалар жүргізілуде.