Abstract:
Берілген мақалада елімізде қалыптасқан мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау жүйесіне стратегиялық аудитті енгізудің мәселелері мен қажеттілігі айқындалады.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар жағдайында мемлекеттік
басқару жүйесіндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі мемлекеттік аудиттің рөлі
ерекше. Автор осы мәселе шеңберінде стратегиялық аудиттің түсінігін, оның түпкілікті
мақсаты мен міндеттерін және әдістерін анықтады. Ғылыми мақала барысында мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылаудағы стратегиялық аудит мемлекеттік ұйымдардағы
стратегиялық тиімділікті бағалау және басқару процесіне жататындығы атап өтілді.