Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы өзгерістері
мен оны реттеудің ел экономикасының дамуына тигізетін салдарлары анықталған. ҚР-ның
нақты тиімді курс бағамының өзгеріс динамикасы талданған. Сонымен қатар, ҚР-ның
нақты тиімді айырбас бағамын есептеу үшін мемлекеттердің тізімі және әр мемлекеттегі
теңгенің бағамдық өзгерісінің үлесі анықталған. Талдау және алынған нәтижелерді
синтездеу арқылы айырбас бағамының ҚР экономикасындағы тиімділігі қарастырылған.
Біздің елімізбен сауда айналымын жүзеге асырушы серіктес мемлекеттер экономикасына
тәуелділік деңгейлері бағаланған. Монетарлық саясаттың валюталық реттеу құралдарын
қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері сараланған. Экономиканы тұрақтандыру
саясатының негізгі тетігі ретінде валютаны қолдану кезіндегі ескерілмейтін факторлар баяндалған. Мақаланың қорытындысында экономиканы валюталық реттеудің дамушы
мемлекеттерде қолдану ерекшеліктері бойынша автордың көзқарасы ұсынылған.