Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болу
тарихы, онымен байланысты негізгі ұғымдар қарастырылады. Сонымен қоса франчайзингті
дамытудағы валюталық тұрақтылықтың рөлі айтылған. Франчайзинг қызметі түрімен
тараптарда туындайтын оң және теріс тұстар анықталады. Отандық экономика үшін
франчайзинг салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады. Сондықтан да,
франчайзингті дамытуға әсер ететін факторлардың рөлін анықтау басты міндеттердің бірі
болып саналады. Сонымен қатар, франчайзинг арқылы бастау алған кәсіпті дамытудағы
валюталық тұрақтылықтың рөліне аса назар аударылды. Валюта тұрақтылығы
жағдайындағы франчайзингтің және жалпы экономика дамуының аспектілері көрсетіледі.
Еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып табылатын валюта
тұрақтылығының әсері де зерттелді. Валюта тұрақтылығы жағдайында франчайзингпен
қоса жалпы кәсіпкерлер бизнесі мен экономикаға қолайлы әсерлері айтылды.