Abstract:
Бұл мақалада Майкл Портер мен А.И. Красновтың бәсекеге қабілеттілік
теориялары тұрғысынан Қазақстан Республикасының құрылыс компаниялары қарастырылады.
Автор құрылыс компанияларына бәсекелестік ортаны талдау, табыстың негізгі факторларын
анықтау, бәсекелестік стратегияларды әзірлеу және бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау сияқты
көмектесетін теорияларды қарастырады. Мақалада сонымен қатар инвестицияларды тарту және
халықаралық кеңейту контекстінде осы теорияларды қолдану қарастырылады. Сондай-ақ, автор
А.И. Красновтың теорияларын бейімдеу кезінде қазақстандық нарықтың өңірлік ерекшеліктерін
ескеру қаншалықты маңызды екенін атап көрсетеді. Ал, Джон Коттер теориясы бойынша
өзгерістерді басқаруға жүйелі және құрылымдық тәсілді қамтамасыз ете алатындығын ашып
көрсетеді. Қорытындылай келе, мақала динамикалық бизнес-ортада тиімділікті арттыру үшін
ақылға қонымды шешімдер қабылдаудың маңыздылығын негіздей отырып, Қазақстандағы
құрылыс компанияларының бәсекеге қабілеттілігін талдауға құрылымдық және жүйелі тәсілді ұсынады.