Abstract:
Қазіргі серпінді бизнес-ортада компанияның қаржылық әлеуетін тиімді басқару
оның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторына айналуда. Бұл тұрғыда қаржы
әлеуетін қалыптастыру саясаты капиталды инвестициялау стратегияларын әзірлеуді, қаржыландыру көздерін анықтауды және айналым капиталын тиімді басқаруды көздейтін ерекше
маңызға ие болады. Қаржылық әлеуетті қалыптастыру жолында компания өзінің қаржылық
құрылымы мен тұрақтылығына әсер ететін көптеген сыртқы және ішкі факторларға тап болады.
Зерттеудің негізгі мақсаты – компанияның қаржылық әлеуетін қалыптастыру саясатын талдау және осы процеске ықпал ететін және кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтау. Аталған аспектілер қаржылық әлеуетті оңтайландыруға және ұзақ мерзімді перспективада ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегияларды әзірлеу үшін қажетті негізді қамтамасыз етеді.