Abstract:
Мақалада ауыл шаруашылығы саласын бюджет тарапынан қолдаудың формалары мен әдістері, бюджеттік қолдаудың ауыл шаруашылығы өндірісіне әсері баяндалған. Ауыл
ашыруашылығының тұрақты дамуы оны мемлекет тарапынан қолдау деңгейіне байланысты.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсу серпініне қарамастан, көптеген
факторлардың әсерінен бұл сала әлі де экономиканың рентабельділігі төмен секторына
жатқызылады. Зерттеудің мақсаты бюджеттік қолдаудың ауыл шаруашылығы саласының тұрақты
түрде дамуына әсерін бағалауға бағытталған.