Abstract:
Бұл мақалада практикалық жұмыс тапсырмаларын әзірлеудің тиімді
жолдары келтірілген. Химия пәнінен алған теориялық білімді практика жүзінде
қолдану өте маңызды. Мектеп бағдарламасында оқушыға оқулықтағы
практикалық жұмыстарды ғана орындатумен шектеліп қалмай, өзіндік
тапсырмаларды да орындатқан жөн. Қазіргі таңда оқушыларға пәнді жетік
түсіндіру үшін алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру
маңызды болып отыр. Мақалада практикалық жұмыс тапсырмаларын
дайындаудың тиімді жолдары көрсетіліп, бірнеше мысалдар келтірілді.
«Металдар», «Этиленді алу және онымен тәжірибе жасау» тақырыптары
бойынша практикалық тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды
орындаудың маңызы түсіндіріліп, оқушы тапсырманы орындау арқылы қандай
нәтижеге жететіні нақты айтылды. Мақаланың басқа мақалалардан басты
ерекшелігі оқушыларды пәнге қызықтыру жолдары көрсетілді және қазіргі
таңда қарқынды дамып келе жатырған STEAM технологиясын химиялық
практика сабақтарында қолданудың маңызы аталып өтті. Мақала бойынша
жүйелі түрде қорытынды жасалды