Abstract:
Соңғы он жылдықтарда жоғары базидиальды саңырауқұлақтардан
алынған әртүрлі қосылыстарды зерттеуге көбірек көңіл бөлінуде. Мақалада
зертхана жағдайында қайың ағаштарының зиянкесі болып табылатын жоғары
сатылы базидиомицет саңырауқұлағының таксономиялық түрлік құрамына
талдау жүргізілді. Саңырауқұлақтың культуральді - морфологиялық және
молекулалық - генетикалық қасиеттерін зерттеу барысында Lenzites betulina
түріне жататындығы анықталды.
Бөліп алынған саңырауқұлақтың антимикробтық қосылыстарды синтездеу
қабілетін арттыру үшін қоректік ортаның құрамы (көміртегі мен пептонның
арақатынасы) модификацияланды, қолайлы температура (28ºС)мен рН ортасы
(7,5-8,0) таңдап алынды. Сонымен қатар, Lenzites betulina саңырауқұлағының
индикаторлы тест-культураларына S.marcescens, E. coli, S.aureus, Candida albicans
антогонистік әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде саңырауқұлақтың C. albicans
ашытқысына және E.coli бактерия клеткаларына антибиотикалық әсері жоғары
көрсеткішке ие болды. Осылайша, саңырауқұлақтың шартты патогенді ашытқы
және бактерия культураларына бактерицидті және фунгицидті жоғары
белсенділік қасиет көрсетіндігі анықталды.