Abstract:
Жұмыста баламалы отын түрлеріне физикалық – химиялық талдау
жүргізіліп, оның ішінен диметил спирті таңдалынды. Қоспалы отынның негізгі
қасиеттері (ДТ +ДМЭ) және диметил эфирі қопасының дизельдік қозғалтқыш
жұмысының көрсеткіштеріне әсерін бағалау үшін бірқатар теориялық есептеулер
жүргізілді. Аралас отынның қозғалтқыш жұмысына әсерін неғұрлым толық бағалау
үшін регрессиялық модельдеу әдістері қолданылды. Регрессия коэффициенттерін
есептеу MATLAB қолданбалы пакетінің көмегімен компьютерде жүргізілді.
Жүргізілген теориялық есептеулер мен математикалық модельдеулер 30% диметил
эфирін дизель отынына қосу дизельді қозғалтқыштардың экологиялық
көрсеткіштерін төмендету үшін ең тиімді қоспаның үлесі екенін көрсетті.