Abstract:
Мақалада білім беру жүйесіндегі буллингтің алдын алу бойынша
шетелдік және отандық тәжірибесіне талдау жасау арқылы мектеп буллингінің
алдын алу мүмкіндіктері қарастырылды. Шетелдік тәжірибенің негізінде бірнеше
мектеп буллингінің алдын алу бағдарламалардың тиімділігі, қызметі, бағыттары,
ерекшеліктері қарастырылып, салыстырмалы талдау жасалынды.
Зерттеудің барысында шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге теориялық
талдау және жүйелеу, логикалық, жалпылау, ғылыми педагогикалық өнімдерді талдау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Авторлар зерттеу нәтижесінде мектеп буллингінің алдын алуға арналған
бағдарламаларда педагогтердің сабақтағы буллинг және жәбірленуші болу деңгейін
төмендететін кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру аясындағы
рөлінің маңыздылығын айқындады. Соның негізінде педагогтер тарапынан мектеп
буллингінің алдын алуға арналған ұсыныстар берілді.