DSpace Repository

Түрлі жарақаттардың қазақ халқының діни жадына әсері

Show simple item record

dc.contributor.author Ибраев, Р.К.
dc.contributor.author Байғабылов, Н.О.
dc.contributor.author Тусупбеков, Ж.А.
dc.contributor.author Абуов, А.Д.
dc.date.accessioned 2024-05-28T07:49:35Z
dc.date.available 2024-05-28T07:49:35Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/14722
dc.description.abstract Жад тақырыбын қолға алған зерттеуші әр халықтың жадында жақсы күндердің қасында бір трагедия қатар жүретіндігін байқайды. Бұл жағдай қазақтарға да қатысты. Қазақтардың ұлт болып қалыптасқан бірнеше жүзжылдық тарихында көптеген саяси және әлеуметтік жағдайлар орын алды. Солардың ішінде «травма» түсінігіне сәйкес келетін трагедиялар да болды. Бірақ, бүгінгі қазақ тарихына көз жүгіртсек травмалардың көп айтылатындығын байқаймыз. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1927), Ашаршылық (1931-1933) және қазақ зиялыларына жасалған қуғын-сүргіндер (1937-1938) соның дәлелі. Аты аталған трагедиялардың ішінде 1928-1964 жылдар аралығында қазақтардың діни жадында орын алған травмалар да бар. Бірақ бұл тақырып бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде қолға алынбай келеді. ХХ ғасыр бойына қазақтардың діни жадына билік тарапынан түрлі қудалаулар ұйымдастырылып, мешіттер мен медреселер жабылды және діни білім беру тоқтатылды. Осы қатарда қазақтардың діни жадындағы орны толмас травмалардың бірі – дін ғұламалары мен қайраткерлеріне қарсы жасалған қастандықтар еді. Өйткені, діни ғұрыптарға басшылық қылатын олар жазбаша мәдениеттің сақталуынан бастап, діни дәстүрдің сабақтастығына дейін маңызды рөл ойнады. Қолға алынып отырған еңбек діни жадтағы травмада дін ғұламалары мен қайраткерлерінің орның зерттеуге бағытталады. Бұл жұмыста діни жадтағы травмадан ілгерілей отырып, биліктің ұжымдық жадтан дін ғұламалары мен қайраткерлерінің есімдерін ұмыттыртуға тырысуы, олардың есімдерінің отбасылық жадта сақталуы және тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғыру себептерін түсінуге тырысамыз. Қазақтардың діни жадындағы дін ғұламалары мен қайраткерлерінің өмірін зерттеу тек олардың мұрасын зерттеумен ғана байланысты емес, сонымен қатар травманың ұжымдық жадқа әсерін кең ауқымда қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан зерттеу күйзеліс жағдайында діни жадтың сақталуына және келесі ұрпаққа тасымалдануына мүдделі кісілер үшін қызықты болуы мүмкін. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject әлеуметтену ru
dc.subject дін ru
dc.subject ұжымдық жад ru
dc.subject діни жад ru
dc.subject тарихи травма ru
dc.subject болмыстың қалыптасуы ru
dc.subject діни ғұрыптар ru
dc.subject ұмыту психологиясы ru
dc.subject еске алу үрдісі ru
dc.title Түрлі жарақаттардың қазақ халқының діни жадына әсері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account