Abstract:
Қазақстан экономикасының қазіргі даму жағдайында
мемлекеттік активтерін басқару мақсаттары өзгертілуде. Болып жатқан
өзгерістерде тиімділік аудитін іске асыру да ерекше маңызға ие. Оның
миссиясы мемлекет пен қоғам атынан мемлекеттік активтерді басқарудағы
билік органдарының қызметіне тәуелсіз объективті жария бақылауды және
тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан мемлекет активтерін басқарудың тиімділік аудитін
ұйымдастыруда халықаралық деңгейде де, ұлттық деңгейде де бірізділік болу
керек. Себебі тиімділік аудиті арқылы мемлекет активтерін басқарудың сыртқы
мемлекеттік бақылауы жүзеге асырылады, оның мақсаты - қойылған
әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған
мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігіне тәуелсіз және объективті баға
беру болып табылады.