Аннотации:
Ел тұрғындары мемлекетке емес, өз кәсібіне ғана арқа сүйеуі
қажет. Мемлекет тек сол кәсіпкерліктің дамуына жол ашып беруі тиіс.
Сонда ғана ел экономикасы өсіп, халықтың жағдайы жақсара түспек.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіпкерлікті дамыту
өте күрделі мәселе болды. Себебі жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға бет бұрыс барысында кәсіпкерлікті қолдау, оны дамыту өте
қиын. Бірақ бертін келе нарықтық экономика кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі екенін уақыт көрсетті. Әсіресе, елімізде инновациялық кәсіпкерлікті дамыту
қажеттілігі ерекше туындап отыр. Ал инновациялық кәсіпкерліктің табысты
дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі қаржы-несиелік және
инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының тетіктерін жетілдіру болып
табылатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жаңаша ойлау туралы білімді ұсыну мен
өңдеу қоғамда аса қажеттілікті тудырып отырғаны рас. Заман талабына
сай әрі бәсекеге қабілетті болу үшін инновация маңызды орында.