DSpace Repository

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры

Show simple item record

dc.contributor.author Баткеева, Б.Т.
dc.date.accessioned 2023-06-05T06:37:00Z
dc.date.available 2023-06-05T06:37:00Z
dc.date.issued 2018
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/1524
dc.description.abstract М.Ж. Көпеевтің соңына қалдырған мол рухани мұраларына тереңірек үңілер болсақ оның әсіресе, публицистикалық шығармалары әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ деп айтуымызға әбден болады. Жалпы М.Ж. Көпеевтің публицистикалық мұраларын екі салаға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – өлең түрінде жазылған публицистикалық еңбектері. Өлең түріндегі публицистикалық дүниелеріне 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Тірілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» және «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптарын жатқызамыз. Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының қоғамдық-саяси, шаруашылық өмірі жазылған. «Тірілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыздың», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі - мұндағы бір бөлім қара сөзбен жазылған. Өлеңдердің негізгі түйіні – патша империясының отаршылдық езгісінен құтылу. Мұнда Ресейдегі саяси-шаруашылық өзгерістердің қазақ өміріне әсері баяндалады. Ғасыр басындағы Қазақстанның саяси өмірі мен әкімшілік-басқару құрылымы, ұлттық психологиясы жан-жақты ашып қөрсетілген. Осылайша, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді. Оны ашына жазды. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата қонысының қолдан кете бастағанына күйінді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынды. Туған халқын бірлікке шақырды. Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистік шығармаларының мән-мазмұны ашылып, бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject отаршылдық саясат ru
dc.subject атақоныс ru
dc.subject ұлт ынтымағы ru
dc.subject ұлттық психология ru
dc.subject Науырызбай ru
dc.subject Кенесары ru
dc.title Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account