Abstract:
Кезінде ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев: «…өстіп, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз
бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік-өсек, қастық қылып, өнерді, малды… түзу жолмен іздеп,
өрістетерлік күн бар ма екен?» – деп қараңғылық тұмшалаған, надандыққа бөккен халқына налыған болатын. Рас, Абай жаңа заман шапағатын көре алмай кетті. Ақынның көзі тірісінде бірде-бір
шығармасы баспадан шықпай халыққа ауызша тарады. Бірақ қазір бір кезде мешеу аталған ел көп
қиыншылық көріп мәдениетті елге айналды. Қазақ жұртын бұл күнде аш-жалаңаш деуі ықтимал,
бірақ мәдениетсіз, білімсіз дей алмайды. Бұған да шүкір. Қазақстандағы баспа ісі бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген дәрежеде өркен жайды...
Мақалада 1917-1933 жылдар аралығында жарық көрген кітаптардың шығу тарихы, пайда болу, қалыптасу жолдары қамтылып, жан-жақты талдау нысанына айналған.