Abstract:
Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатын толыққанды сақтау мен үйлестіру мақсатында Елбасы ұстанған бүгінгі кезеңде этникааралық үйлесімді қарым-қатынастың сақталуын,
көпұлтты мемлекеттердің қай-қайсысында болсын өзіндік шешімін табуға тиісті өзекті мәселе болып отыр. Қоғамда этникааралық үйлесімді немесе қақтығысты қарым-қатынастардың орнауында
БАҚ басылымдарының да үлесі зор. Осы ұстанымды орнықтыру мен дамытуда теле-радио-баспасөз және ғаламторлық БАҚ-тың адамға саналық, тіл ұстанымы тарапынан басты құрал ретінде
бірінші кезекке шығары анық. Осы мақалада осы баспасөз жарияланымдарында басылған этникалық ақпараттардың ішінде этникааралық қақтығыстардың орын алуына түрткі болу мүмкінгі зор
мәтіндердің тілдік ерекшеліктері қарастырылады.