Abstract:
«Ана тілі» газеті өзінің атауы айтып тұрғандай қазақ тілінің жай-күйі мәселелерін
көтеру, тіліміздің мемлекеттік мәртебесін орнықтыруға ат салысу және елтану, тілтану тақырыптарына арналған материалдар жариялаумен қатар Алаш зиялыларының өмірі мен еңбектері жайында,
әдебиет, мәдениет, өнер саласындағы тұлғалардың шығармашылығы хақында өзекті мәселелерді
ұсынып келді.Әрине, тіл мәселесі тек қана «мемлекеттік тіл өз мәртебесін ала алмауда», «қазақ
тілі бай тіл, көркем тіл», «намысың болса ұлттық тіліңнің күнін жоқта», т.б. құрғақ уағыз, қысыр
сөзбен шешіле қоймайтыны белгілі. Бұл мәселеде ана тілі арқылы ұлттық рухымызды оятып, жігер
намысымызды жанушы өнердің рөлі ерекше және де өнер адамдарының жанкешті қажыр-қайраты
арқылы қаншама игілікті іс-шаралар іске асып жатқаны баршамызға белгілі. Сондықтан да оларды
ұлықтау, үлгі-өнегесін көпке насихаттау, еңбегін бағалау, ел алдында абырой атағын асқақтату әрине, ұлттық баспасөз ақпарат құралдарының басты назарында ұстайтын бір бағыты екені даусыз.
Мақалада Ұлт газеті «Ана тілінде» қазақ өнері туралы жазылған мақалаларға жан-жақты
талдау жасалынып, мазмұндық, тілдік-стильдік тұрғыдан әділ бағалары берілген.