Аннотации:
Мақалада ХХ ғасырдың соңында интернеттің пайда болуы мен таралуына
байланысты медиа саласындағы «медиабілім» терминін қолдану аясы кеңейгенін, күнделікті қолданыстың жиіленгенін, күрделенгендігін айта отырып, жаңа ағымдардың пайда болу себептерін
анықтайды. Осыған орай бұл ұғымға лайықты жаңа, тың анықтамалар беріле бастады. Алайда, солай болғанымен дүниежүзілік деңгейде педагогикалық ғылымда медиабілімнің не екенін анықтайтын, нақты бір ізге түсірілген, бірыңғай терминология жоқтың қасы. Жоғарыда айтқанымыздай бұл
тұрғыда тек, «медиабілім» беруді зерттеп жүрген ғалымдардың әр кезеңге сәйкес ұсынған түрлі
нұсқалары бар. Сондықтан мақалада Қазақстандағы медиабілім беру деңгейі, жалпы медиа, медиабілім дегеніміз не, оның мақсаты мен міндеттері және бағыттары қандай дәрежеде деген сауалдар
төңірегінде әңгіме қозғалып, ғылыми тұрғыдан алғанда жан-жақты пікірлер айтылады.