Abstract:
Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғамдық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтақуы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін және халық пен аумақты табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін қайта қарауды және құруды
талап етті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті өзінің
аумақтық бөлімшелері мен бағынышты ұйымдарымен, құралдары және күштерімен табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ықпал ету жөніндегі шұғыл қызмет болып табылады.
Бұл ғылыми мақалада экстремалды жағдай кезіндегі төтенше жағдай органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыс және аудиторияға қажетті ақпаратты ұсыну мәселелері қарастырылады. Автор төтенше жағдайлар кезінде журналистің жұмыстарына мысал келтіреді, оларды талдайды, белгілі бір қортындыға келіп, өз ұсыныстарын береді.