Abstract:
Мақала қазақ тіліндегі фитонимдік бірліктердің алатын орны мен
зерттелу тарихы, орыс және ағылшын тілдеріне аударылу амалдары, ерекшеліктері,
аударма сапасы тәрізді мәселелерді талдауға арналды. Өсімдік атаулары, олардың
құрамы мен құрылымы, мағынасы, қолданылу аясы т.б. әрбір тілде жеке дара зерттеліп
келеді. Алайда салыстырмалы, салғастырмалы және аударматанымдық зерттеулер
санаулы. Ал олар шетел тілдерін оқып жатқан білім алушылар үшін маңызды. Мақала
осы бағыттағы зерттеулердің жалғасы іспеттес. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі
номинативті және коннотативті мағынадағы өсімдік атаулары әдеби шығармаларда,
аңыздар мен ертегілерде, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерде, яғни тілдің барлық қатпарларында кездеседі. Мақаланың зерттеу материалы ретінде Ә. Нұрпейстің «Қан
мен тер» әдеби шығармасындағы фитонимдік бірліктер іріктеліп алынып, мәні
айқындалды және салғастырмалы негізде талданды. Сондай-ақ олардың орыс және
ағылшын тілдеріне аударылу ерекшеліктері, сәтті аудармалар мен кемшін тұстары,
кейбір фитонимдік бірліктердің аударылмай, назардан тыс қалғандары айқындалды.