Abstract:
Мақалада Патрисия Уоллейстың «Интернет психологиясы» атты
кітабындағы виртуалды тұлға тілінің қазақ тіліне аударылу мәселесі зерттелді.
Аудармашының баламасыз лексиканы аударудағы тәсілдері талқыланды. Соның ішінде транслитерация және транскрипция, калька тәсілдері, сипаттамалық аудармалар қарастырылып, әр тәсілге кітаптан нақты мысалдар келтірілген. Мысалдар екі тілде беріліп, салыстыру жұмыстары жүргізілген, тұжырымдар жасалған.