Abstract:
Адам ағзасы күрделі жүйе ретінде үздіксіз қызмет атқаратыны белгілі.
Осы жүйедегі әрбір соманың қолданысына қарай және олардың тілдік бейнедегі бірізділігін
сақтау мақсатында үш бөлікке жіктеледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөлік.
Мақалада жоғарғы бөлік соматикалық фразеологизмдері, оның ішінде көз/eye сыңары
қарастырылады. Концептілік тәсілдің көмегімен олардың лексика-грамматикалық және
семантикалық ерекшеліктері талданады. Мақаланың мақсаты – қазақ-ағылшын, ағылшынқазақ көркем аудармасындағы көз/eye сыңарлы соматикалық фразеологизмдерге
салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау, эквиваленттілік деңгейлерін анықтау.
Әртиптес тілдегі көз/eye сыңарлы соматикалық фразеологизмдері көп жағдайда
семантика тұрғысынан сәйкес келетіндігі, ал құрылымы жағынан сәйкестіктер аз
байқалатындығы эмпирикалық материалдар негізінде айқындалады. Көз/eye сыңарлы соматикалық фразеологизмдердің түрлі деңгейдегі эмоциялары қарастырылады.