Abstract:
Мақалада трансмедиа ұғымының тұжырымдық негіздерінің күрделі табиғаты мен коммуникацияның жаңа формалары зерттелген. Трансмедиалық технологиялар мен жаңа медиалардың даму бағыттары, таралу тетіктері анықталған. Трансмедианың
теориялық тұжырымдары мен телекоммуникация саласының даму кезеңдері сарапталған.
Қоғамдағы ақпараттық коммуникативтік саланың маңызы мен оның әлеуетін өсіру бойынша ұсыныстар берілген.
Мақалада трансмедиа тұжырымдарын салыстыру, трансмедиа нарығындағы тенденциялар, трансмедиалық формалар; трансмедиалық стратегияның маңызы, аудиторияға
әсері; медиалар қызметіндегі жарнаманың орны жүйеленіп, талданған.
Автор трансмедиалық тәсілдердің даму бағыттарын анықтап, болжау мақсатында
тиімді әдістемелер қолданған. Трансмедиалық жобаларда ұлттық ерекшеліктерді сақтау
арқылы оның тиімділігін өсіруге, адам мен қоғамның мүддесіне қызметке қою мәселелері
де жан-жақты зерттеліп, нақты дәлелдермен тұжырымдалған.