Abstract:
Мақала мазмұнында жасөспірімдер арасындағы буллингтің
көрінуіне әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар әсерін тұжырымдаған
зерттеулерге талдау жасалады. Мақаланың басты мақсаты – жасөспірім
оқушылардың жыныстық ерекшеліктеріне байланысты буллингтің көрініс
беру себептері мен жас ерекшеліктерінің әсерін түсіндіруді көздейді.
Мақалада теориялық талдау, жүйелеу, оларға сипаттама беру мен бағалау,
тұжырымдау әдістері қолданылады. Сонымен қатар, буллингтің
ерекшеліктері, құрылымы: агрессор, құрбан, бақылаушылар,
жәбірленушілерді қорғаушылар түсініктері Д. Олвеус, О.Л.Глазман, Черкасов
С.А., Макарова Ю.Л. және басқалар еңбектеріндегі тұжырымдары негізінде
сипатталады. Мақала соңында жалпы ғалымдар зерттеулері тұжырымдалып,
қорытылады.