Abstract:
Қазіргі киберкеңістік жағдайындаа мектептегі буллинг мәселесі
әлем деңгейінде өзекті болып отыр. Бұл зерттеушілерге буллинг ұғымын
нақты анықтаудан бастап, оны алдын алу және оған қарсы тұру бойынша
тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуге дейінгі бірқатар міндеттерді қояды. Бұл
міндеттерді шешу, білім беру мекемелерінде психологиялық қорлаудың осы
түрімен сәтті күресудің кепілі болып табылады. Осы мақалада буллингтің
себептері, салдары және оқушылар үшін қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне
баса назар аударылған. «Моббинг» және «буллинг» ұғымдарының пайда болу
тарихы қысқаша сипатталған. Сондай ақ мектеп ортасындағы психологиялық
қорлау мәселесіне қатысты бірқатар заманауи зерттеулердің нәтижелері
ұсынылған.