Abstract:
Қазіргі білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырап,
оқушыларға ғана емес, мұғалімдердің өздеріне де қойылатын талаптардың
артуы байқалады. Білім деңгейінің құзыреттілігі, педагогикалық шеберлік,
оқыту әдістемесін білу және меңгеру, өз кәсібінің жаңа қырларын игеру және
өзін - өзі жүзеге асыру маңызды болып табылады. Бұл ретте білім беру
ортасының қайшылықтары, әкімшіліктің, ата - аналардың, оқушылардың
өздері және т. б. тарапынан жоғары талаптардың қойылуы мұғалімдерді
стрестік жағдайларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Мақалада кәсіби
стресс мәселесіне қатысты зерттеулер мен тәсілдер талданып, кәсіби
күйзелістің ерекшеліктерін қарастырады.