Abstract:
Бүгінгі таңда ақпарат жедел тарайтын болды. Жаңа медиа қарқынды дамып келеді. Әр түрлі әлеуметтік желілер ашылып жатыр және жаңалықты жеткізудің тың тәсілдері пайда болды. Кезінде жеке-меншік телеарналар, газет, журналдар көп
болатын. 1990 жылдардан бері елімізде олардың саны көбейе бастағанымен, қызметтері ұзаққа созылмай бірқатары жабылып қалды, ал кейбірі интернеттегі сайттарын
ашып, жұмысты жалғастырып келеді. Ол кезде әлеуметтік желілер болмады, дегенмен
бұқаралық ақпарат құралын сақтап қалу қиынға соқса керек. Медиа саласындағы компаниялар қаржылық қиындықтарға тап болды. Дегенмен сол уақыттан бері көрермендердің дәстүрлі медиаға деген сенімдері жоғалған емес. Коронавирус пандемиясы кезінде
қазақстандық аудитория сенімді ақпарат көзі ретінде телевизияны таңдаған екен. Бұл
туралы отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында айтылды. Қазақстанда қабылданған ақпарат саласын дамыту жөніндегі ұлттық
жоспар аясында дәстүрлі медианың қызметін ілгері жылжытуға қатысты ауқымды
шаралар жоспарланған. Автор халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, холдингтердің
құрылуы жағдайында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының даму перспективасын қарастырады.