Abstract:
Күллі әлемді әбігерге салған COVID-19 пандемиясы басталғалы жалған ақпаратқа
қарсы күрес, фактчекинг жасаудың өзектілігі арта түсті. Фактчекинг жасау, мәселені жанжақты, түбегейлі қарастыру, ең бастысы журналистер мен оның аудиториясының медиа
сауатын арттыру тақырыбы – бүгінде күллі әлем медиа кеңістігі үшін үлкен маңызға ие.
Сол себепті мақалада автор Болгария және Британиядағы фейкньюске қарсы күрес жүргізген
тәжірибелі мамандардың, Factcheck Kazakhstan жобасы бас редакторының медиа сауатты
арттыруға қатысты пікірін ұсына отырып, мәселені шешудің жолдарын анықтайды.