Abstract:
Мақалада қазақ энциклопедиялық басылымдарының бастаулары қазақ халқының өткенімен тікелей байланысты екендігі ғылыми тұрғыдан сарапталған. Көне түркі жазба ескерткіштері – «Тоныкөк», «Білге қаған» жырларынан дәлелдер келтіріліп,
орта ғасыр ғұламалары - Ибн-Сина, Әль-Фараби энциклопедиялық шығармаларының
қазақ анықтамалық басылымдарының негізі екендігі талданады. Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари шығармаларының энциклопедиялық сипаты да зерттеу негізі болып табылады.