Abstract:
Бұл мақалада информатиканың оқу үдерісінде SMART оқулықтарының қолданылуы
және олардың білім сапасына әсері қарастырылған. SMART оқулықтар интерактивті
элементтермен, бейімделу мүмкіндіктерімен және мультимедиялық мазмұнмен байытылған оқытудың инновациялық тәсілі болып табылады. Мақалада SMART оқулықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтары, олардың информатиканың күрделі тұжырымдамаларын түсінуді жақсартудағы рөлі, практикалық бағдарламалау және деректерді талдау дағдыларын дамытуға әсері сипатталған.