Abstract:
Мақалада білім алушылар мен педагогикалық кадрлар арасындағы өзара
іс-қимылды жақсартуға, сондай-ақ білім беру ресурстарының сапасы мен қолжетімділігін
арттыруға арналған “Bagalaiyq” платформасының ақпараттық қауіпсіздігі қарастырылады.
Осы жүйе шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылады, бұл білім беру процестерін цифрландырудың өсуі жағдайында дербес
деректер мен зияткерлік меншікті қорғаудың негізгі факторы болып табылады.