Abstract:
Зерттеуде Шығыс Қазақстандағы туристік секторды дамытудың қиындықтары мен
перспективалары қарастырылған. Негізгі даму көрсеткіштері, соның ішінде ішкі және
халықаралық туризмнің үлесі, сондай-ақ туристік индустрияның ел экономикасына әсері ерекше атап өтілген. Шығыс Қазақстан облысының статистикалық деректерімен расталған Катонқарағай және Үржар өңірлеріндегі туристік нысандардың ағымдағы жағдайына кең ауқымды талдау жүргізілді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада аймақтық туризмді дамытудың ағымдағы тенденциялары мен перспективалары қамтылған. Өңірдегі туристік қызмет көрсетудің маңыздылығы қарастырылып, осы саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі факторларға тоқталып, оларды еңсерудің ықтимал жолдары көрсетілген.