Аннотации:
Мақалада Жуалы ауданының флорасы мен фаунасын сипаттайтын географиялық атаулардың қалыптасуына жер бедері, топырағы, табиғат жағдайлары, су
нысандары, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің қалай әсер ететіндігі, қарастырылды. Жуалы ауданында кездесетін топонимдердегі өсімдік атауларының көрініс табуында тікелей экологиялық жағдайға байланысты. Бұл сипат, негізінен қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығынан туындағаны сөзсіз. Мысалы, өсімдік атауларынан біз мал шаруашылығына пайдалы, зиянды, пайдасыздығы туралы, гидронимнен ішуге жарамды, жарамсыздығы туралы ақпарат аламыз. Қазақ халықы мал шаруашылығын дамыту үшін, ең алдымен, қай шөптің қай түлікке жұғымдылығын ертеден аңғарып, жылдың қай мезгілінде болсын төрт түлікті бағуда ландшафттық ерекшеліктерге байланысты дұрыс баға беріп, өсімдік жамылғысының экологиясына нұқсан келтірмегені анық. Аумақтың фитонимдер картасы арқылы, өткен тарихымызға көз жүгіртіп, дәстүрлі шаруашылығына қажетті экологиялық мәліметтер жиынтығын көреміз.