Abstract:
Бұл мақалада сабақтастық ұғымы нақты мәдениет ретінде қарастырылып, ұрпақтар
арасындағы құндылықтар трансформациясы, олардың өзгеріске түсуі, қайта бағалануы, жаңаша сипат
алу мәселелері қарастырылады. Сабақтастық тарихи жады, тарихи сана, мұрагерлік жолмен үздіксіз жүріп
отыратын процесс ретінде айқындалып, ұрпақтар арасындағы мүдделілік және қақтығыс, жатсыну мәселелері
қамтылған. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруда білімнің, ғылымның, дәстүрлі құндылықтардың, діннің,
мәдениеттің маңызы екшеленеді. Уақыт өтіп, заман өзгеріп жатсада, өз қасиеттілігін жоймаған құндылықтар
жеті аталық ұстаным, ақсақалдар институты, қазақи шежірелік жүйелер де талқыланған. Мәңгілік ел болу,
қазақ болу, халық болу сабақтастықтың нәтижесі ретінде көрсетілген. Адамзат баласы тарихи санасын, тарихи жадын жоғалтпай, ғасырлар бойы жинақталған руханиятын бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріп отырса, сол елдің өшпестігі осымен өлшенеді.