Abstract:
Мақалада қазақ топонимикасы жүйесінің семантикалық және лексикалық
өрістері, ал нақтырақ айтсақ, Павлодар облысының Ертіс ауданының фитонимдері мен зоонимдері қарастырылған. Жұмыста осы бағытта жұмыс істеген белгілі қазақ ғалымдарының еңбектері мен есімдері көрсетілген. Ертіс ауданы бойынша зерттеліп отырған топонимдердің диаграммасы мен кестесі, тізімі жасалынып, қорытынды жұмыстың нәтижесі ретінде ArcGis бағдарламасы арқылы тақырып бойынша бірнеше карталар қатары дайындалды. Осы жұмыста қарастырылған теориялық мәселелерді олардың негіздемесімен жаңа түсіндіру белгілі бір дәрежеде қазақ топонимикасының, ономастикалық теорияның, сөзжасам теориясының одан әрі дамуына әсер етеді.