Abstract:
Бұл мақалада Қазақстан халқының өмір сүру сапасын зерттеуге, оның ең маңызды көрсеткіші - өмір сүру деңгейі қарастырылды. «Тұрмыс деңгейінің» негізгі көрсеткіштері зерттеледі. Ақшалай табыстар мен шығыстар, тұрмыстық табыстар, сондай- ақ күнкөріс минимумы бойынша санақаралық кезеңнің деректері қарастырылады. Халықтың өмір сүру сапасына көрсеткіштердің негізгі әсер ету моделін анықтауға әрекет жасалды. Сондай-ақ халықтың ақшалай табыстары құрылымындағы өзгеріс - халықтың табыстары бойынша саралануын күшейтуге немесе керісінше, әлсіреуіне ықпал ететін факторлардың бірі бола алатындығы негізделген.