Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында дінтану
сараптамасын жүргізу тәжірибесіне шолу жасалған. Дінтану сараптамасының бастау алған
мерзімінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдайы сипатталады. Дінтану сараптамасын жүргізудің
заңнамалық негіздері, оның ішінде бүгінгі уақытқа дейінгі қабылданған заңнамалар мен құқықтықнормативтік актілер мен бұйрықтар, сараптаманы ұйымдастыру механизмдерінің тетіктері,
дінтану сараптамасын жүргізудің теориялық әдістері және олардың қолданылу шеңберлері
қарастырылды. Сонымен қатар, дінтану сараптамасын жүргізудің халықаралық тәжірибесін
зерттеу мақсатында Ресей Федерациясында мемлекеттік тұрғыда дінтану сараптамасын
жүргізу ерекшеліктері зерделенеді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында
дінтану сараптамасын жүргізу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Сондайақ, екі ел мысалында дінтану сараптамасын жүргізу барысында орын алатын мәселелер
айқындалып, оларды оңтайландыру мақсатында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан
шаралар қарастырылады. Жүргізілген талдау негізінде, Қазақстан Республикасында дінтану
сараптамасын жүргізу механизмін жетілдіру, дамыту бағытында бірқатар ұсыныстар беріледі.