Abstract:
Әрбір халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеті олардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары
арқылы көрініс береді. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Көшпенділер үшін көктегі
Тәңір құдіретіне бас имеу – ата-баба жолын бұзушылық деп есептелген. Сондықтан да, бұл түсінік
әрі қарай салт-дәстүр адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптасқан. Тәңіршілік дүниетанымның жемісі болған дәстүр сенімдері бірте-бірте құқықтық сана-сезімге
ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастады.
Мақалада ХІІІ ғасыр туындысы «Моңғолдың құпия шежіресінде» көрініс беретін негізгі
салт-дәстүрлердің өз бастауын ғасырлар қойнауынан алғандығы және дәстүрдің талаптары мен ережелері әсіресе Шыңғыс хан заманында «Жаса», «Білік» атаумен Моңғол империясының негізгі заң,
ережесі ретінде дами түскендігі, қазіргі заманға жеткен сабақтастығы талданады.