Abstract:
Түркі халықтары тарихы әлемдік тарихи ойдың шеңберінде қалыптасты.
Дүниежүзі тарихының мазмұнын құрылымдауда европоцентризм тұжырымдарының
үстемдік етіп келгендігін ескерер болсақ, түрік өркениетінің өзіндік ерекшеліктері
болғандығы да ескерілуі қажет. Мұндай зерттеудегі мақсат түркі тарихын әлемдік
тарихтан ерекшелендіруді емес, керісінше оның құрамында қалыптасқан түркі халықтары тарихының шынайы мазмұндалуына назар аударылуды көздейді. Мақалада
қарастырылған қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттарын
айқындау басты мақсат болып белгіленді. Өйткені, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан
қазіргізаманғы қазақ-түрік байланыстарынының бағыт-бағдарларын белгілеуде ортағасырлардан басталған туыстық байланыстардың деректік негіздерін айналымға ұсынудың ғылыми маңызы ерекеше.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары барынша жақын ықпалдастық орнықтарған мемлекеттерінің алдыңғы қатарында Түркия Республикасы тұрғаны белгілі. Мақалада қазақ-түрік байланыстары тарихының ерте кезеңіне қатысты дереккөздерге талдау жасалады. Мұрағат деректеріне талдау жасай отырып, екі елдің арасында
қалыптасқан достық, стратегиялық әріптестіктің тарихи алғышарттары туралы
тұжырымдар жасалған.
Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын ғылыми қалпына келтірудің басты шарттарының бірі-оның ғылыми дерекөздер кешеннің болуы. Ғылыми, объективті
ақпараттар мен мәліметтерді қамтыған дереккөздер тарих мазмұнын қалпына келтірумен қатар тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндірудің басты құралы болып
саналады. Қазіргі кезде Түркияның архивтерінен қазақ-түрік байланыстарын айғақтайтын деректер табылып ғылыми айналымға ұсынылуда. Ол деректерді тақырыптық,
хронологиялық және жанрлық тұрғыда топтастыруды қажет етеді.
Осы дереккөздердің қатарында тақырыбы бойынша Қазақ хандығы мен Осман мемлекеті арасында хронология бойынша Қазақ хандығы, жанры бойынша архивтік әрі дипломатиялық құжаттарды қарастыруға болады. Өйткені, қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының бастау нүктесі ретінде бұл деректердің ғылыми маңызы ерекше. Қайып
хан Тәукеұлының Осман сұлтаны ІІІ Ахметке жіберген елшілігі екі елдің бүгінгі заманғы
саяси байлыныстарына негіз қалады деп бағаланады. (286)
Мақалада осы алғашқы дипломатиялық байланыстың кейінгі кездегі байланыстарға
қазақ-түрік саяси байланыстарына ұласқандығы жөнінде деректер сараланады. Қолымызға ілінген деректер Қазақ хандығы ыдырап, Ресей империясының модернизациялық
ықпалына тартылған кезеңде отарлық биліктің екі елдің байланыстарына кедергі жасап баққанымен де үзіліп қалмай, одан әрі жалғасқандығын көрсетеді. Әсіресе, бұл байланыс діни-рухани және мәдени-ағартушылық бағыттарда биресми тұрғыда жеке тарихи
тұлғалардың саяси, діни-ағартушылық қызметтері арқылы жалғасты. Мақалада бірқатар архив және баспасөз деректері талданып, ғылыми айналымға ұсынылады.