DSpace Repository

Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері

Show simple item record

dc.contributor.author Айтмағамбетов, Д.Р.
dc.contributor.author Гиритлиоглу, М.
dc.contributor.author Тұрсұн, Х.М.
dc.date.accessioned 2023-06-08T07:29:07Z
dc.date.available 2023-06-08T07:29:07Z
dc.date.issued 2020
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2061
dc.description.abstract Түркі халықтары тарихы әлемдік тарихи ойдың шеңберінде қалыптасты. Дүниежүзі тарихының мазмұнын құрылымдауда европоцентризм тұжырымдарының үстемдік етіп келгендігін ескерер болсақ, түрік өркениетінің өзіндік ерекшеліктері болғандығы да ескерілуі қажет. Мұндай зерттеудегі мақсат түркі тарихын әлемдік тарихтан ерекшелендіруді емес, керісінше оның құрамында қалыптасқан түркі халықтары тарихының шынайы мазмұндалуына назар аударылуды көздейді. Мақалада қарастырылған қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихи алғышарттарын айқындау басты мақсат болып белгіленді. Өйткені, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазіргізаманғы қазақ-түрік байланыстарынының бағыт-бағдарларын белгілеуде ортағасырлардан басталған туыстық байланыстардың деректік негіздерін айналымға ұсынудың ғылыми маңызы ерекеше. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары барынша жақын ықпалдастық орнықтарған мемлекеттерінің алдыңғы қатарында Түркия Республикасы тұрғаны белгілі. Мақалада қазақ-түрік байланыстары тарихының ерте кезеңіне қатысты дереккөздерге талдау жасалады. Мұрағат деректеріне талдау жасай отырып, екі елдің арасында қалыптасқан достық, стратегиялық әріптестіктің тарихи алғышарттары туралы тұжырымдар жасалған. Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының тарихын ғылыми қалпына келтірудің басты шарттарының бірі-оның ғылыми дерекөздер кешеннің болуы. Ғылыми, объективті ақпараттар мен мәліметтерді қамтыған дереккөздер тарих мазмұнын қалпына келтірумен қатар тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндірудің басты құралы болып саналады. Қазіргі кезде Түркияның архивтерінен қазақ-түрік байланыстарын айғақтайтын деректер табылып ғылыми айналымға ұсынылуда. Ол деректерді тақырыптық, хронологиялық және жанрлық тұрғыда топтастыруды қажет етеді. Осы дереккөздердің қатарында тақырыбы бойынша Қазақ хандығы мен Осман мемлекеті арасында хронология бойынша Қазақ хандығы, жанры бойынша архивтік әрі дипломатиялық құжаттарды қарастыруға болады. Өйткені, қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстарының бастау нүктесі ретінде бұл деректердің ғылыми маңызы ерекше. Қайып хан Тәукеұлының Осман сұлтаны ІІІ Ахметке жіберген елшілігі екі елдің бүгінгі заманғы саяси байлыныстарына негіз қалады деп бағаланады. (286) Мақалада осы алғашқы дипломатиялық байланыстың кейінгі кездегі байланыстарға қазақ-түрік саяси байланыстарына ұласқандығы жөнінде деректер сараланады. Қолымызға ілінген деректер Қазақ хандығы ыдырап, Ресей империясының модернизациялық ықпалына тартылған кезеңде отарлық биліктің екі елдің байланыстарына кедергі жасап баққанымен де үзіліп қалмай, одан әрі жалғасқандығын көрсетеді. Әсіресе, бұл байланыс діни-рухани және мәдени-ағартушылық бағыттарда биресми тұрғыда жеке тарихи тұлғалардың саяси, діни-ағартушылық қызметтері арқылы жалғасты. Мақалада бірқатар архив және баспасөз деректері талданып, ғылыми айналымға ұсынылады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject қазақ-түрік байланыстары ru
dc.subject Қазақ хандығы ru
dc.subject Осман сұлтандығы ru
dc.subject Қайып хан ru
dc.subject қазақ елшілігі ru
dc.subject Мұстафа Шоқай ru
dc.title Қазақ-түрік байланыстары тарихының бастапқы дереккөздері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account