Аннотации:
Халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер ең бірінші зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталады. Осы
тұрғыдан алсақ, еліміздің ірі университеттерінің бірі, қазіргі таңда құрылғанына 25
жыл толып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, оның
ішінде философия кафедрасының орны ерекше.
Философия бүгінгі адамзат ойлау мәдениетіне, еліміздің қоғамдық келбетіне сыни қарау, білім алушылардың рухани көкжиегін кеңейту және ұлттық сана-сезім, рухани
жаңғыру жолында ерекше маңызға ие. Жоғарғы және кәсіби оқу орындарында оқылатын
әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің төресі болған философия университетіміздің
ірге тасы қалағаннан бері кафедралық ұжым арқылы білім алушы жастардың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі ҚР ҰҒА үш академигі Абдильдин Ж.М., Ғарифолла Есім, Нурманбетова Д.Н. үшеуі де философия кафедрасында қызмет етеді.
Аталмыш үш академикпен қатар, жиырма шақты доктор, ғылым кандидаттарының,
жұмыс жасауынан-ақ бұл кафедраның әлеуетінің жоғарылығын, кәсіби біліктілігінің
биіктігін біле беруге болады. Қазіргі таңда бұл кафедраны философия ғылымдарының
докторы, профессор Медеуова Кульшат Агибаевна басқарып отыр. Бұл мақалада айтпағымыз, Философия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұстанған
жүйесі және академик, ойшыл, жазушы, ұстаз және қоғам қайраткері, философия
ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есімнің жаңа бастамалары мен
тың көзқарастағы қызметінің мән-маңызы туралы болып табылады.
Философия кафедрасы 2013 жылдан бері академик Ғарифолла Есімнің жаңаша қалыптастырған ғылыми-ізденістік, шығармашылық, әдістемелік қызмет жүйесі бойынша
жаңа белеске көтеріліп, табысты жұмыс атқарып келеді. Академик философия кафедрасына келгеннен бері өзінің өмір бойы ойланып, толғанып, ізденіп келген ойларын
жүйелеп, қазақ елінің мәңгі болуына негіз болатын «Жақсы Қазақ» тұжырымдамасын
жасаған еді. Бұл тұжырымдамада «Жақсы қазақ» түсінігі дәреже, имидж ретінде бағалана отырып, оған жетудің жеті сатысы ұсынылған. Тұжырымдама оқу-әдістемелік
жағынан пысықталып, қазіргі таңда философия, мәдениеттану оқу бағдарламасында
элективті пәндер ретінде оқытылуда.